Ағайын арасындағы дауды татулықпен шешу, түрлі кикілжіңдерді бейбіт жолмен реттеу біздің би бабаларымыздан қалған тамаша үрдіс. Сол тарихи құндылықты жаңартып «Медиация туралы» заңның тәжірибеде қолданылып келе жатқанына он үш жылға жуықтады. Бүгінде бұл жүйе халық арасында қаншалықты тиімділігін көрсетіп отыр? Sanur.kz тілшісі зерделеп көрді.
Соттасуға асықпайық! Дауласушы тараптар арасындағы келіспеушілікті бейбіт жолмен келісп шешуге болады. Ол – “Медиация” жобасы. Бұл жоба даулы мәселені ой елегінен өткізіп, уақыт пен қаржыны жоғалтпауға және сот талқылауына ұшырамауға мол мүмкіндік береді.
ЗЕРЕ ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ КӘСІБИ МЕДИАТОР
Сот екі-үш ай жүруі мүмкін. Егерде іс медиация тәртібімен реттелетін болса, уақыт жағынан да, қаражат жағынан да тараптарға тиімділігін көрсетеді. Бұл медиация саласы шетелдерде жоғары деңгейде дамып жатыр. Мысалы, АҚШ. Ондағы даулардың 90 пайызы осы медиация саласымен шешіліп жатыр. Ал Қазақстанда жаңа сала болғандықтан біздің ауданымызда енді белең алып келе жатыр. Медиацияны қолдану салаларына келетін болсақ; азаматтық істер бойынша, қылмыстық істер бойынша, әкімшілік істер бойынша, еңбек дауы, отбасы даулары, жер дауы және банк қызметкерлері арасында да бұл қызметті қолдануға болады.
Медиация татуластыру рәсімдері. Ал медиатор сол рәсімді жүзеге асырушы тұлға. Бұл ретте Жетісай ауданының кәсіби медиаторлары айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді. Медиацияның құпияны сақтауға, жауаптылықты арттыруға көмектесетіні, жүйкеге салмақ түсірмейтіні де негізгі артықшылығы. Десе де әрі қарай жандандыру қажет дейді мамандар.