Skip to content
Главная страница » СОЗАҚТА «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

   Созақ ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Созақ ауданының 95 жылдығына орай «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Отбасылық сайысқа қатысқан барлық командаларға Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Тартысты додада жүлделі орын алған командалар қатарында «Шоқан» командасы, «Кемел» командасы, «Қыран» командасы бар.
 
Айта кетейік «Үздік отбасы» аталымын «Денсаулық» командасы иеленсе, «Мерейлі отбасы» аталымын «Сұңқар» командасы еншіледі.
Сонымен бірге ардагер ұстаз Р. Рысжанов сайыста әділ қазылар қатарынан табылып, командаларға сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған