Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 31 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 05:06 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1051 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.2.MPV магнитудасы – 3.6. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ. Мұның алдында түнгі 03:38 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 369 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы бір жер сілкінісі болған еді. Энергетикалық класы – 9.3.MPV магнитудасы – 4.1Тереңдігі – 10 шақырым.