Skip to content

ӘЙЕЛДЕРДІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ҚИЫНДАУДА

  Қазақстанда әйелдерді еңбекпен қамту жағдайы қиындап барады. Ер адамдарға қарағанда әйелдер арасында жұмыссыздық басым. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі алғаш рет байқалып отырған жоқ деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.

   Өткен жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыздар саны 450,3 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға аз. Ал 2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Яғни 5,3%. Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі ерлер деңгейінен едәуір жоғары. 5,7% қарсы 4,1% және бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері ең үлкен алшақтық ретінде сақталып келеді. Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға яғни 192,9 мыңға дейін қысқарды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *