Skip to content

АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫ

   Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 127 жол учаскесі жабылды. Оның 49-ы республикалық, 78-і облыстық маңызы бар жолдар. Жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді. 

  Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай өңірлерінен, 145 техника сүйретілді. Сондай-ақ ,бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалған.
  Уақытша жылыту орындарында 420 адам болса, оның 69-ы балалар. Олар Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарынан.  Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-ға жуық адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.
  Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *