Skip to content

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА ҚАЙ АУЫЛДАР КІРЕДІ?

   «Ауыл аманаты» жобасына биыл Жетісай ауданы бойынша қандай ауылдар қатыса алады. Жалпы кімдер 2,5 пайыздық несиені ала алады? Жобаның шарттары мен қойылатын талаптары қандай? Жуырда ауданға арнайы атбасын бұрған облыстық ақпараттық насихат топ  мүшелері тұрғындарға пилоттық жоба жайында егжей — тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Ауыл аманаты. Аты айтып тұрғандай бұл — ауыл халқының табысын көтеруге бағытталған жоба. Биылдан бастап  пилоттық негізде қолға алынған жобаға Жетісай ауданынан тек Қарақай және Ж. Ералиев ауылдық округтері қатыса алады. Оған республикалық бюджеттен  11 млрд теңге қаржы бөлінген, қосымша тағы 14 млрд теңге сұратып отыр екен. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз. Мерзімі — 5 жыл , егер мал өсіремін деп алса -7 жыл. 1 жыл демалысы бар. Жеке кәсіпкерлерге 8 млн ға, ал кооперативтерге 27 млн теңгеге дейін беріледі. Жоба 6 бағыт бойынша іске асырылып, қаржыландырылмақ.

Бауыржан Аманұлы; Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Өсімдік шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту, сосын жаңағы айтып өткенімдей кооперативтерді дамыту. Оның ішінде жаңа техникалар алу. Алтыншы бағыт: ауылды жерде тұратын тұрғынның өз кәсібін ашуы. 

    «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға қойылатын ең басты талап ауыл тұрғыны болу міндетті. Бұдан бөлек: 

Бауыржан Аманұлы; Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Ең бірінші кезекте, жеке кәсіпкер боп тіркелуі керек салық органдарына. Одан кейінгі талап зейнеткерлік жасқа толмауы керек. Яғни, кәмілет жасқа толған , зейнеткерлік жасқа жетпеген. Одан кейінгі талап кепіл мүлкі болоуы керек. Несие тарихтары дұрыс болу керек.

    Түсіндіру тобы  21-35 жас аралығындағы жастарға берілетін несие туралы да баяндады. 2023 жылы Түркістан облысына  2,9 млрд.тг. микроқаржы бөлініп отыр. Ауыл аманаты жобасынан өзгешелігі. 

Бауыржан Аманұлы; Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Бұл енді пилоттық жоба. Бірақ ауылда тұру міндетті емес.Қала, ауыл бұл жерде барлық жастар қатысады. Кредиттің мерзімі — 5 жыл. Пайызы — 2,5. Ең жоғарғысы 5 млн ға дейін несие беріледі. Несие тарихы дұрыс болуы керек. Жеке кәсіпкер боп тіркелуі керек және өзінің бизнес жоспарлары болуы керек. Бұның ерекшелігі тек ауылшаруашылығ бағыты емес, басқа да кәсіптерді қамти береді.

  Жылдық сыйақы мөлшері небәрі 2,5 пайыздық  несие  «Ырыс» микроқаржы ұйымдары арқылы таратылмақ. Несие алуға үміт еткендер ауылдық әкімдікке жүгінеді. Кездесуде аталмыш жобалардан басқа да несиелендіру бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *