Қарт кісілер мен балалар, жүкті әйелдер үйден шықпасын. Ал қыз біткен биік өкше , ұзын белдемше киюді доғара тұрсын. Бұл жарақат алудан сақтайды. Көк мұз, ақ қарда травматолог дәрігерлер өңір халқына осындай кеңес береді. Қалың киініп, үсік шалудан қорғанып жүруге шақырады.
Травматолог дәрігерлердің айтуынша, көктайғақ кезінде жарақат алу 10 процентке көбееді. Әсіресе, жұмысқа асығып бара жатқандар мұзға құлап, майып болып жатады дейді. Сондықтан қанша кешіксек те, асықпаған жөн, ең дұрысы барар жерге ертелеу шығу. Мүмкін болса, тар аяқ киім киюден сақтану керек. Ал жүргенде аяқтың ұшымен емес, табанды нық басып, шағын қадамдар жасаған абзал деп кеңес береді.
Пернебай Сыдықов, дәрігер — травматолог
Бұл құлағанға дейін тар аяқ киім кимеу керек. Тар киім кимеу керек. Өзіне қолайсыз киім кимеу керек. Әйел кісілер ұзын көйлек, ұзын юбка киіп алып жатады. Осының бәрі қыс айында жарақат алуға қосымша себептер. Тар аяқ киім киіп бара жатқан адамның өзі аяғында ыңғайсыздық сезімі туып, көктайғақта жүріп- тұруы қиын болады екен.
Дәрігер айтқан кеңестерді қаперге алмай, мұзға құлап, жарақат алып жатсаңыз:
Пернебай Сыдықов, дәрігер — травматолог
Жақын жерде қолдың астында не бар? Егер қолы сынған болса, линейка немесе жатқан тақтайшаны алып, әйел кісілер орамалмен байлап фиксация, еркек кісілер галстук тағып жүреді немесе белбеумен фиксация жасап, ауруларды азайтып, не болмаса сынғаннан кейін болатын асқынулардың алдын алып, байлау керек. Егер өзіне жәрдем бере алмайтын жағдайда, ондайда көшедегі кісілердің жәрдемін күту керек. Жалпы ересек адамдардың барлығы жәрдем бере алатын жағдайда болу керек.
Қазір далада қатты аяз. Сынап бағынасы күндіз минус 13-14, ал түнде -20 градустан да асып кетіп жатыр. Яғни, үсік шалу қаупі жоғары. Әсіресе, кішкентай балалар тез тоңып, үсік шалуға бейім болады дейді дәрігерлер. Сол себепті сыртқа қалың киіндіріп шығарып, ұзақ уақыт болмауын қадағалаған жөн екен. Сондай-ақ, ішкілікке құмар адамдар да үсікке шалдығып, денсаулығынан айырылады. Жыл сайын осындай 3-4 жағдай орын алып тұратынын, жалпы үсік шалудың 4 түрлі дәрежесі бар екенін айтады.
Пернебай Сыдықов, дәрігер — травматолог
Бірінші дәреже ешқандай медициналық ем қажет етпейді. Тек жылы жерге кіргізіп, ешуақытта қолды қармен не болмаса маймен ысқылауға болмайды. Тек жүнмен болған нәрсемен ысқыласа жеткілікті. 5-7 күнде жазылып кетеді. Екінші, үшінші, төртінші дәреже өздері білінеді. Екінші дәрежеде теріде су жиналған түтікшелер пайда болады. Стационарға көрініп, дәрігердің ем — домын қабылдау керек.
Иә, дәрігер айтқан кеңестер мен ережелер мынандай қатты аязда керек ақ. Аман болайық, жарақат алудан сақ болайық.