Skip to content

БАНКРОТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

   2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлайды Sanur.kz. 

Бірақ заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Бұл дегеніміз, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

   Банкроттық туралы заң рәсімдердің үш түрін қарастырады – ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсімдерді тек қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. 

  Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз: Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар:

  • 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
  • олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;
  • олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.

  Соттан тыс банкроттық, бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);
  2. қарыз 12 ай ішінде өтелмейді;
  3. мүлік жоқ;
  4. қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.

   Сот банкроттығы, азаматтар қырызы 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы — 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

  Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.

   Ұшінші рәсім, бұл төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін рәсім. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

   Сондықтан, азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын, ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлану керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *