Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылында екі бірдей мүгедек баласы бар жалғыз басты ана апатты жағдайдағы ескі мектепте тұрып жатыр. Отбасының жағдайын жақсы білетін ауыл әкімі уақытша басқа жерге көшіруге барынша жұмыс жасап жатқандығын айтты. Алайда апатты үйде жанын құрбан еткенше көшпеуіне не себеп? Мән жайды біліп қайтқан тілшіміз Клара Шербайқызы тарқатады.
Достық ауылында орналасқан бұл нысан шамамен 1955 жылдары білім беру мекемесі ретінде салынған. Кейіннен тозығы жетіп, баспанасыз отбасыларға пана болып келеді. Жылдар бойы тозығы жеткен нысан бүгінде апатты жағдайда. Енді ауыл әкімі Данияр Асауов ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, балалар алаңшасын салуды жоспарлап отыр. Мұнда қалған екі отбасыны сол маңдағы почта ғимаратына көшіріп, ал ескі мектепті жартылай бұзыпта үлгеріпті.
Данияр Асауов, Достық ауылдық округінің әкімі
Ол почта ғимараты да 1970-1960 жылдары салынған ескі ғимарат. Ол бірақ карказ. Төбесі бәрі қабырғалары мықты. Оның ішін ремонттап жылуы бар пешкі орнатып бердік. Сол жерде тұруға болады. Бөлмелерді спонсорлардың есебінен ішінде адам тұратындай жағдай қылып, есік терезесін қойып, ремонттап, екі семьяны сол жерге шығардық. Кезегі келгенше сол жерде тұруға болады.
Тозған нысанды бұзу жұмысы қәзірге жартылай тоқтап тұр. Себебі Розигул Закирова есімді азаматша әкімшіліктің ұсынысын қабылдаудан бас тартқан. 7,8 жыл бұрын күйеуінен жәбір көріп ажырасқан әйел үш баланы жалғыз өсіріп отыр. 16 жастағы қызы туғалы ДЦП диагнозымен ауырады. Үшінші қызыныңда денсаулығы нашар. Шымкентте арнайы интернатта білім алады. Ол аздай өзініңде саулығы мәз емес. Екінші топ мүгедек. Тағдыр тауқыметінен шаршап жүйкесі тоздыма, басыма баспана бітпейінше тозған үйден көшпеймін деп табан тіреп отыр.
Розигул Закирова, Достық елді мекенінің тұрғыны
8 жылдан бері қар жауып міне тұрмынғой. 8жыл болып жатыр міне, ешкім маған көмектескен жоқ. Инвалид пенсиядан басқа мен ештеңе көрген жоқпын. Мен өзімнің үйім болса көшемін деп жатырмын. Ол жақтан бұл жаққа өтпеймін. Менің денсаулығым тура келмейді. Мен өзім екінші группамын. Балдарымда инвалид.
Данияр Асауов, Достық ауылдық округінің әкімі
Ол біздің құзіретімізде жоқ. Ол кісілерге жеке үй алып беруге. Ауданға барып очередке тұрып, ЦОН-нан ала алады. Неше мәрте ескертуде берілді, ақсақалдарда барды.
Иә, баспана тек кезекпен беріледі. Алайда кезектің жылжып жатқаны шамалы. Үкіметтен үй алу үшін әлі неше жыл жыл күтетіні белгісіз. Түсірілім барысында бұл отбасыға қайырымдылық қоры арқылы Атакент кентінен үй берілмек болғаны белгілі болды. Бірақ оданда бас тартыпты. Оған себеп:
Розигул Закирова, Достық елді мекенінің тұрғыны.
Көшпеген себебім мен күнде Шымкентте жүремін. Больницада. Үлкен қызым, өзім жатамын инвалидпін, кішкене қызымды апарып жатқызамын. Соған біреуін алып кетсем, екеуіне кім қарайды. Иличке апарып қойсам. Бұл жерде Мамам қарайды.
Ауыл ардагері.
Сен апергенде кетуің керек еді. Енді Мынадай авариный жағдайда мына жерде отырсын. Мына жерде жалғыз өзің отырсың бала-шағаң бар құдайға шүкір. Өкіметтен инвалидность алып жатсың. Құдай инвалид қылмасын енді айналайын жаным. Енді басыңа түскенін көріп жатсың. Бірақ мынау саған сондай жағдай істеп жатыр. Ол қордан жиналатын ақшағой ол. Сенің қалаған жеріңнен апере алмайды. Қай жерде сол ақшаға там келсе соны әпереді.
Тас түскен жеріне ауыр. Мүгедек баламен пәтер жағалап жүруде оңай емес. Бірақ басқа түссе баспақшыл демекші, баспанасыз қаншама отбасы амалдап күнін көріп келеді. Баспаналы болуға бастайтын тиімді бағдарламада жоқтың қасы. Мұндайда тек қайырымды жандардан ғана қолдау күтуге мәжбүр. Ал ауыл әкімі мен ақсақалдары апатты үйде жас балалар апатқа ұшырамаса деген ниетте.