Skip to content

«ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

  Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан Атамекен елді мекенінде «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Өнер қырандары» театрының демеушілігімен 806-шы баспана табыс етілді.

  Қазақ халқы қашан да ынтымақ, бірлік мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Ауыл ақсақалдарының тәлім-тәрбиесін көріп, бірлігі мен ынтымағының мықтылығының арқасында Жетісай ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды. Өнерде жүріп қайырымдылықтан қалыс қалмайтын иманжүзді азаматтардың ауызбіршілігі сыйлаған қуаныштың бастаушысы болған «Өнер қырандары» театрының ұжымы мен жүзеге асуына атсалысқан «Харекет» қорының азаматтары демеушілік еткен шараға Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Досыбайұлы Әбжанов пен ауылдық округтің әкімі Шынболат Муташов, ауыл ақсақалдары қатысып, үйлі болған Сейілбек Жүнісовты құттықтады.

  5 перзентінің үшеуі мүмкіндігі шектеулі болса да 25 жылға жуық жалдамалы пәтерлерді паналаған отағасы жыл мезгілдеріне қарай түрлі жалдамалы жұмыстарды атқарып келген. Қыстыгүні мүмкіндігі шектеулі ұлдарының денсаулығына алаңдап, жұмысқа шықпайды екен. Ондай кездерде ауыл тұрғындары мен ағайын-туыстары отбасыға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

  Шара соңында ізгілік істің шапағатын көріп, 4 бөлмелі өз баспанасының табалдырығын аттаған Сейілбек Жүнісов қуаныштан көзіне жас алып, көмек қолын созған барша азаматтарға өз алғысын білдірді. Ал, ауыл ақсақалдары құтты баспана болсын деген тілеулестікпен ақ баталарын берісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *