Жетісай қаласында айналма жол салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аудан әкімінің қалалықтармен есепті кездесуінде айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жаңа форматта өткен жүздесуде тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Бұл — аудандағы қарашаңырақ оқу орны Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық- техникалық колледжінің фойесі. Қазір мұнда аудан әкімі Серік Мамытов тұрғындар алдында есеп береді. Мына көрменің бәрі соның құрметіне. Аудан басшысы алдымен колледждің материалдық — техникалық базасымен, жеткен жетістіктерімен танысып шықты. Содан соң халық алдында есеп беру үшін мінберге көтерілді және бұдан былай қараша жұртпен жиі кездеспек. Президент пәрмені сондай, әкімдерге тұрғындармен жылына бір емес, тоқсан сайын кездесуді тапсырған. Әдеттегідей, атқарылған жұмыстар легі баяндалды. Содан соң, жаңа форматқа сай сұрақ — жауапқа кезек берілді. Алдыңғы қатардан орын алған көпті көрген ақсақалдар елдің жайын сөз етті. Амангелді көшесінің бойымен жүретін ауыр жүк көліктердің жолдың тоз — тозын шығарып, балалардың өміріне ғана емес, сол маңдағы үйлерге қауіп төндіріп тұрғанын жеткізді.
Сейсембай Жүнісбеков; қала тұрғыны
— Енді мына Амангелді көшесінде 4 орта мектеп бар,2 оқу орны, 2 балабақша бар. Сол көшеден жеңіл машина былай тұрсын, Қытайдың үлкен машинесі 50-60 тоннамен жүріп өтеді. Үйлер жарылып кетіп жатыр. Қазіргі мына қымбатшылық заманда үйді тұрғызудың өзі қанша проблема. Балаларымыз. Көшенің шетіндегі тротуарлар кеткен бұзылып,аналар шетке шығып кетеді. Мына кеше канлизация жүріп жатты. Сол кезлде 7-8 жердің бәрін қазып тастағанда ауыр — ауыр жүк тасыған, тас тасыған, қыш тасыған машиналар жүрді ғой. Айналма жол саламыз дегеніне қанша уақыт болды. Әлі жоқ.
Негізінен Жетісай халқына ауыз су жеткілікті. Оған кешегі аязда көз жетті. Су тоқтаған жоқ. Себебі, көлік жуу орындары жұмыс істемеді. Енді күн жылынып бастап еді, мезгілсіз өше беретін болды. Адам ішуге таппай отырған тіршілік нәрімен көлік жууға тыйым салу керек деді жиылған жұрт.
Тимур Мұқашев; қала тұрғыны
— Қалада ең көп , қала сыртында автомойка көп. Оның бәрі ауыз суға жуып жатыр. Президент айтты ғой, ауыз суды қамтамасыз етіңдер адамдарды, автомойканы емес. Автомойкада көбісінде счетчик жоқ. Қандай бағамен алып жатқанын ешкім білмейді. Бізге ішетін суды үзбей бергенін қадағаласаңыз. Потому что, автомойка істеп жатыр. Енді күн жылиды. Қара күзге дейін осындай болады.
Әлсейіт Енімбаев; қала тұрғыны
— Қазір теледидардан көрсең жұрттар құдықтан ащы су ішіп жатыр. Судың сұрауы өте күрделі. Ал енді біз оны пайдалана алмай жатырмыз. Адамға емес, көлік жууға пайдаланып жатырмыз. Канал бар, су толып жатыр. Сол жерден әкеп істетуге болады ғой. Ауыз су жетпей жатыр.
Аудан әкімі қаладағы барлық үйлер мен нысандар кәріз жүйесіне қосылмай, бұл мәселенің күрмеуін шешу қиын екенін айтты. Тұрғындардан осы істің түйінін тарқатуға көмек беруін сұрады.
Серік Мамытов; Жетісай ауданының әкімі
— Су мәселесі бойынша бізде өте үлкен проблема бар. Счетчик орнатайық десек, мемлекет беру керек. Әкім беру керек. Ананы істеу керек. Шыны керек, қосылсын, қосылмай жатыр канализацияға. Қожанов көшесі бар ғой, коллекторды тексергенде иіс деген білесіздер қандай екенін. Мен әлі жазда болмадым, бірақ уже түсініп отырмын не болатынын ол жақта. Соны тазалатып ана нелерді өшірейік десек , канализация өткен ол жерден, халық қосылмай жатыр сол жердің обоненттері. Сіздердің де көмектеріңіз керек. Может комиссия құрамыз, өздеріңізбен бірге бір — екі адамды алып, бізге көмек беріңіздерші.
Өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр демекші, аға буын өкілдері ауданға музей салу, футбол командасын құру сынды бастама көтерді. Бұдан бөлек, қала тазалығына мән беруді, көз отасын ауданда жасауды өтінді. Жиында көтерілген мәселелер бойынша сала мамандары жауап берді. Оның ішінде айналма жол бойынша бөлек тоқталды.
Нұркен Әлмеш; Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары
— Жетісай қаласы бойынша Яссауи көшесімен, Яссауи көшесінің жалпы ұзындығы 180 метр, одан кейін Ескендіров көшесімен айналып өтіп, үлкен жолға қосылады. Яғни, Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекені тұсынан шығады. Құдай қаласа, біз соған жұмыс істеп жатырмыз. Биыл құжаттарын дайындап өткізсек, екі үш жылда бітіреміз.
Иә, Жетісай — ауданның айнасы. Жиында көтерілген мәселелердің барлығы шаһар — таза, сәулетті де дәулетті болса деген жетісайлақтардың арманы.