Skip to content

ҚАЗАҚСТАН КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

   Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияға аттанды Жойқын зілзала апатына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

   Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Қазақстаннан ұшқан борт Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

  Еске салайық  кеше Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғыра көңіл айтты.

   Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп еді.

   Түркиядағы жер сілкінісі кезінде  қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *