Skip to content

ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

  Пробация есебінде тұрғандарды жұмысқа орналастырып, оларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету жергілікті органдардың бірлесе отырып атқаратын жұмыс болып табылады. Осыған орай  жауапты қызметкерлердің басын қосып олармен нақты шаралар түзіп, алдағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мәжіліс өтті. 

   Қылмыстың қайталануының алдын алу. Ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік сала басшылары мен өзгеде жауапты қызметкерлер қатысқан жиынның негізгі мақсаты осы. Мәжілісте жауапты мамандар пробация есебіндегі азаматтарды бейімдеу бойынша өткен жылдың 12 айында атқарған жұмыстарына баяндама жасады. Аудандық пробация бөлімінде  97 азамат есепте тұрады. Өткен жылы 1 сотталған тұлға қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа барған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5 адамға азайған. Осылай деп баяндама жасаған Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы Нартай Сабаевтың айтуынша аудандық полиция бөлімімен және жергіілкті органдармен бірлесіп әр түрлі бағытта іс шаралар ұйымдастырған. Ал бүгінгі жиында ағымдағы жылға арнайы топ құрылып нақты шаралар қолға алынбақ.

Жеңіс Сарсенбай,  Мақтаарал аудандық прокуратурасының аға прокуроры

Қылмысты төмендету мақсатында «Атамекен» ҰКП, АПБ, Пробация қызметі бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қатыстыру арқылы жұмысшы топ құрылды. Яғни аталған жұмысшы топтың мақсаты қәзіргі таңда орын алып жатқан түрлі проблемалық мәселелерді айқындай отырып, олардың салдарын жоюға барынша бағытталған жұмыстарды жандандыру болып табылады.

   Пробация есебіндегі азаматтарды жұмысқа орналастыру әлеуметтік -құқықтық көмек көрсетудің негізгі  бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай жыл сайын Пробация қызметіне тіркелгендерді қоғамға бейімдеу, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп олардың тұрмыстық әлеуетін жақсарту мақсатында арнайы квота бекітіледі.  Мәселен, 2023 жылы бір пайыздық яғни 6 орындық квота бекітіліп отыр. Ал жалпы өткен жылы жаза басқан 40 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.  Мұның ішінде дерлік өзін өзі жұмыспен қамтығандар. 

Жеңіс Сарсенбай,  Мақтаарал аудандық прокуратурасының аға прокуроры

Енді ең өзекті мәселе ол қәзіргі таңда жұмыссыздық мәселесі, яғни пробация есебінде тұрғандар жылды аудан әкімнің бекітілген бір пайыздық квота яғни ол бір орынға ғана шығарылады. Дегенмен басым көпшілігі пробация есебінде тұрған азаматтар олар өз-өзін қамтығандар. Жалпы бізде қәзір жұмыспен қамтылмағандардың пайызы едәуір төмен. Енді жыл сайын оны төмендетуге тырысамыз. Сол бағытта жұмыс атқарамыз.

  Сотталған азаматтардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге, бос уақытын тиімді пайданалуға үгіттейтін жүйелі жұмыстар жалғасын табады. Оның сапалы орындалуы аудан прокруратурасының қадағалауында болмақ. Жиын қорытындысы осыған саяды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *