Skip to content

ҚЫТАЙДА  АЛҒАШ  РЕТ  60  ЖЫЛДА  ХАЛҚЫ  КҮРТ  АЗАЙДЫ

   Өткен 2022 жылы Қытай халқы күрт қысқарған, дәлірегі, айналдырған бір жыл ішінде 850 мың адамға қысқарған. 2022 жылдың соңында Қытайда халық саны 1 миллиард 411 миллион адам болған. 2021 жылмен салыстырғанда 850 мың адамға аз. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының директоры Кан И мәлім етті.

   Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, халық санының бұлайша қысқаруы соңғы 60 жылда алғаш рет орын алған. Есеп бойынша өткен жылы 9,56 миллион адам дүниеге келіп, 10,41 миллион адам қайтыс болған. Ал туу көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 6,77-ге тең.  Бұл соңғы 60 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ал өлім-жітім деңгейі 1 000 адамға шаққанда 7,37 адам болған.

   Жалпы, елде  ерлер саны — 722,06 млн, әйелдер — 689,69 млн, 16 мен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар саны — 875,56 млн, 60 жастан асқан азаматтар – 280,04 млн. Сондай-ақ, қала тұрғындарының саны 920,71 миллион болса, ауылдық жерлерде тұратындар 7,31 миллионға азайып, 491,04 миллион болды. БҰҰ сарапшыларының сөзінше, 2050 жылға қарай Қытай халқы 109 миллион адамға азаяды.

   Демографиялық құлдырауға 1980 жылдан 2015 жылға дейін жүргізілген бір бала саясатына байланысты. Әрі білім алу құны қымбат болғандықтан, қытайлықтар балалы болғысы келмейді екен. Ақпаратқа сәйкес 2023 жылы Үндістан Қытайды басып озып, халқы ең көп мемлекетке айналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *