Мақта бағасы көтеріле ме? Бүгін осы сұрақтың жауабын зауыт басшыларының өз аузынан есіту үшін Мырзашөлдік мақташылар қайта бас қосты, деп хабарлайды Sanur.kz. Өйткені үш ай бұрынғы жиында 1 ақпан күні кездесіп, мақта бағасын тағы да талқыға салатын боп шешілген еді. Әрине Ливерпуль биржасындағы индекс көтерілсе. Зауыт басшылары осындай жағдайда сол кездегі бекіткен баға 250 теңгенің үстіне қосымша ақы төлеуге келіскен. Көптің күткен жиынына әріптесім Әсем Жұмалиева да қатысып қайтқан болатын. Сонымен, мақта бағасы өсті ме екен? Бірге тыңдайық.
Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының мақташылары үш ай бойы сарыла күткен кездесу жағымды жаңалықпен басталды. Республикалық мақта өндірушілер мен диқандар Одағы құрылыпты. Облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан тәжірибелі мақташы Нұрлыбеков Төрехан сайланыпты. Жағымды жаңалықты «Шопан ата» ұлттық агро қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Әліпбек Бақтыбаев жеткізді. Мақта саласында орын алып отырған заңсыздықтарды да бүкпесіз ашық айтқан ол қаншама шаруаның әлі күнге өткізген өнімінің ақысын ала алмай жүргенін де жайып салды.
Әліпбек Бақтыбаев, «Шопан ата» ұлттық агро — қозғалысының Түркістан облыстық филиалының басшысы
— Ал шаруалар төлемақыларын ала алмай, қалыптасқан кредитті жабу, жер жырту, өңдеу жұмыстарын жүргізе алмай әуре -сарсаңға салынуда. Мысалы, Жетісай ауданы бойынша (5- қаңтардағы мәлімет) 700 ШҚ дара кәсіпкерлерге зауыттардың берешегі 1 млрд 629 мың теңге
Жиында шаруаларға берешегі бар зауыт басшылары мінберге шығып, көптің күткен жауабын да берді. Яғни, мақтаның бағасын 250 теңгеден артық көтере алмайтынын ашық айтты. Себебі, экспорт төмен. Ал, мақташыларға берешек қарызды ақпан айының 15 -інен кешіктірмей төлеп беретін болып, уәделерін берді.
Шаруа: — Күнін айтшы, екі аптаны айтпа маған. Мына күні аласың деп күнін айтшы.
Берік Мұстафаұлы, Мақта зауыт басшысы
— 12- не бәрін жауып беремін.
Шаруа:
— Міне, айтты. Есітідіңіздер ғой.
Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Естідік, жазылды бәрі. Енді хаттамаға осыны енгіземіз: 12- ақпан. Келістік қой, иә?
Берік Мұстафаұлы,» Мырзакент» мақта зауытының басшысы
— Иә. Жараайды, шатасып етіппін 13 -іне. Бір күн шатасып кетіппін енді.
Шаруалар;
Бағасын айтшы?
Берік Мұстафаұлы, «Мырзакент» мақта зауытының басшысы
— 250.Басында да мақтаның бағасы көтеріледі. Өкінішке орай, көтеріліп жатқан жоқ. Индекс сол күйінше тұр. Одан басқа айтайын , мақтаның бәрі тұр әлі.
Хош, сонымен. 1 ақпанда әлемдік нарықтағы мақта бағасы көтеріліп, ақ алтынның әр келісіне 250 теңгеден жоғары баға аламыз деп келген мақташылардың үміті ақталмады. Оған жаһанда болып жатқан геосаяси ахуал мүмкіндік бермей отыр екен.
Әлібек Піләлов, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы
— Қазіргі таңда шаруаларға әр келісіне 250 теңгеден төлеп беру жоспарлануда. Осында қазір зауыт басшылары сөз берді. Ол зауыт басшыларының сөздеріне қарағанда, 15- ақпанға дейін мына агроқұрылымдарға берешектері толық өтелетіндігі туралы уәделерін беріп отыр. Баға қазіргі таңда 250 теңгеден.
Осымен, мақташылардың бірнеше ай күткен жиыны да өтті. Баяғы жартас, сол жартас күйінде қалды.