Skip to content

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

  Бүгін «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы «Бірлік» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бірлік ауылдық округі, Алғабас ауылында орналасқан «Береке» жом мәжіліс залында өткен жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бұл туралы алдағы сюжетте толығырақ.

    Депутат үлкен жауапкершілікті арқалайтын, қарапайым жұртшылықтың үніне құлақ асып, игі істерге бастайтын, халық таңдап, сайлаған сенімді өкіл. Осындай халық қалаулысының бірі Жұманов Бақытжан Айтуғанұлы  бүгін 2021-2022 жылдар аралығында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиында тұрғындар тарапынан ауылдың проблемалары көтеріліп, оларды шешу бойынша қаржыландыру жолдары мен көздері айқындайтын баяндама жасалды.

 Күн тәртібінің мәселесі бойынша  VІІ шақырылымдағы аудандық мәслихатының атқарған жұмыстарына ауфл жұрты өз бағасын берді. 

  Екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар  ұсынылып, жиылған халық бірауыздан дауыс берді.

  Партияның екі жылда атқарылған жұмыстары сараланып, делегаттар сайланған жиын қорытындысында алдағы уақытта қолға алынған межелі міндеттердің орындалу жолдары мен шаралары белгіленді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *