Skip to content

ӨНЕР МЕКТЕБІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

       Жетісай ауданында  орналасқан «Нұрсәуле» балалар мен жасөспірімдер  шығармашылық орталығының жылдық жұмысын қорытындылау кеші өтті. Шығармашылық кешке дербес бөлім басшылары мен ата аналар қатысты. Қуанышты бөліспекке арнамыздың тілшілеріде барып қайтқан болатын. 

    Сал серілік өнер, қазақтың дәстүрлі әні мен ұлттық аспабы. Жетісай аудандық балалар өнер мектебінде халқымыздың қазынасы фольклорлық музыка жақсы дамыған. Ауданда ешбір мәдени шара өнер мектебінің ұжымынсыз өтпейді. Жалпы өнер мектебінің өз жұмысын бастағанына жақында 5 жыл толады. 2017 жылы ақпан айында ашылған шығармашылық орталықта қазірде 300-дей бала білім алады. Сондай-ақ,  «Нұрсәуле» өнер мектебінің Жылысу ауылдық округі мен Қоғалы елді мекендерінде 50-ге жуық балаларға арналған филиалдары ашылған.

    «Өнер мектебінің ұстаздары балаларымызға музыка өнерінің қыр сырын үйретіп, қабілеттерін шыңдауда. Көпшіліктің алдында жақсы өнер көрсету  ұстаздар мен оқушыларға зор жауапкершілік » — дейді мерекелік кештің куәсі болған Тұрар СӘРСЕКОВ.

  Кеш барысында дәстүрлі әндер айтылып, шертпе күйлер орындалды. Жиналған көпшілік қауым өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, біршама өнерлі оқушылармен, білікті ұстаздар мектеп басшылығы атынан алғыс хаттарға ие болды.

  

 

  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *