Мақтааралда «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс 43 конференциясы өтті. Конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы Сарсенов Мұхтар Кенжетайұлын партия филиалының төрағасы етіп сайлады. Толығырақ тілші материалында.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасын сайлау жөніндегі бірқатар ұсыныстар талқыланды. Аманат партиясының қабылдау бөлімдеріне, жыл басынан бері 17 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оның 9011-і оң шешім тапқан. Сондай-ақ 222 елді мекендерге мобильдік қабылдаулар өткізілген. Конференция барысында «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жиын барысында «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалына жаңадан төраға болып сайланған Мұхтар Кенжетайұлы кондидатурасын қолдаған делегаттарға өз алғысын білдірді.
Конференцияда күн тәртібінің екінші мәселесі партия филиалы саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу бойынша мәселе көтеріліп, ашық дауыс беру арқылы жаңа құрам анықталды.
Конференцияны «Аманат» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қорытындылады. Полат Мұратұлы «Аманат» партиясы еліміздегі іргелі қоғамдық бірлестік екенін алға тартып,енім білдірген әр азаматтың аманатына жауапкершілікпен қараудың маңызын тілге тиек етті.