Соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыру керек. Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай Премьер-министрдің орынбасарына депутаттық сауал жолдап, осындай талап қойды. Халық қалаулысы қуғын — сүргін құрбандарының аяулы есімдерін ардақтап, еске алатын күнді алғашқы қоңырау мерекесі етіп бекіткен оқу ағарту министріне сын айтты.
Депутат Аманжол Алтайдың айтуынша, тотилитарлық жүйенің қанды қасабына іліккен миллиондаған жандарға лайықты түрде құрмет жасалып жатқан жоқ. Ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қоюдан әріге аспай тұр. Ал 31- мамырды соңғы қоңырау күні деп бекіткен оқу ағарту министрі арыстардың рухына бір күнді де қимағаны ма деп өкінішін, қынжылысын жеткізді. Басқа күнге ауыстыруды талап етті.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
— ҚР Оқу — ағарту минстрінің 2022 жылғы 12-тамыздағы 363 — бұйрығына сәйкес орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау — 31 мамыр болып бекітілуі. Алаш арыстарының аманатын ұрпақ санасына сіңіруі тиіс министрліктің 31- мамыр күнінің маңыздылығына мән бермегені қандай өкінішті! Арыстарымыздың рухына бір күнді де толық қимай, апыл — ғұпыл аза тұтқансып, іле- шала той тойлатып , думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы? Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30- мамырға не болмаса 1- маусымға ауыстыру керек. Бұл ешқандай талқылауды қажет етпейтін, әділетті талап,-деді.
Депутат халықты атаулы күннен сабақ алуға, мәні мен маңызын терең сезінуге шақырды. Әлеуметтік желілерде елдің бірлігіне, мәдениетіне нұқсан келтіретін теріс әдеттерден тыйылуға үндеді. Сонымен қоса, бұл күнді жалпы ел болып қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алумен бастап, ойын — сауық, той — томалақты доғара тұру керектігін айтты. Көгілдір экран беттерінде де мазмұнды хабарлар көрсетілуі тиіс деді.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
— Бірінші, жалпыхалықтық үнсіз еске алу шарасы дәстүрлі өтуі керек. Сол сәтте ел аумағындағы бүкіл көлік қозғалысы тоқтатылып, 1 минуттық үнсіздік арқылы саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қажет. Екінші, мектептегі соңғы қоңыруа күні 31-мамырдан басқа күнге ауыстырылсын. Үшінші, телеарналарда әзіл — қалжың , шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуге тиіс. Дәл сол күні мейрамханаларда той өткізуге тыйым салынсын,-деді.
Халық қалаулысының талабы мұнымен шектелген жоқ. Әрбір ата — ана отбасында тәлімді әңгімесін, дін өкілдері уағызын, ұстаз сабағын , минстрлік пен әкімдіктер жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын сүргін құрбандарын еске алумен бастаған жөн деп, минстрліктен жазбаша жауап беруін сұрады.