Skip to content

СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР

  Қазақстанның кейбір өңірінде ақпанның басында түсетін жауын-шашын көктемде сел қауіпін тудыруы мүмкін. Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы елді мекендерде қазіргі қардың деңгейін, оның үстіне, Қазгидрометтің болжамы бойынша 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында жауатын қар мен жауын-шашынды ескере отырып, бұл аймқатардағы су тасқынының қауіпіне Үкімет қазірден дайындалып жатыр, деп жазады Sanur.kz.

  ТЖМ басшысының сөзіне сенсек, кейбір аймақтарда осы уақытқа дейін жауатын қардың көлемін, сонымен қатар, ақпан айында жауатын жауын-шашынның көлемін, оның үстіне, кейбір өзен-сулардағы мұздардың еруінен болатын су көлемін ескерсек, кейбір аймақтардағы су деңгейі әдеттегідей әрине, көбейіп кетеді. «Су тасқынының алдын алу шаралары нашар жүріп жатыр. Ертең зардабын халық тартады», — деген премьер-министр   Әлихан Смаилов Алматы, Абай, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында су ағызу жүйелері нөсер жауын мен тасқынға төтеп бере алмайтынын айтқан.

Үкімет отырысында белгілі болғандай, ертең көктемде күн кұрт жылынса, бір ғана Шығыс Қазақстанның өзінде ірілі-ұсақты 70 елді мекенді су басуы мүмкін. Қазір бұл мәселе үкімет тарапынан пысықталып, жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма беріліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *