Жеңілдетілген жанар — жағар май шаруаларға дәл керек кезде берілмейді. Қарапайым дихан мемлекеттен берілетін көмектің рахатын көре алмай отыр, деп хабарлайды Sannur.kz. Күні кеше өткен Мырзашөлдік шаруалардың басқосуында мақташылар осылай деп дабыл қақты. Себебі неде?
Елімізде шаруалар үшін дизель отыны 202 теңге жеңілдетілген бағамен босатылады. Яғни, шаруа меншігіндегі 1 гектар жері үшін айына 30 литр дизель отынын төмен бағамен алуға құқылы. Алайда шалғай ауылдардағы шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай зор көмектен шет қалып жатады дейді жер ана емген дихандар. Себебі.
Жолбарыс Сегізбаев, шаруа
— Ал енді осы Мақтаарал, Жетісай аудандарында солярканы ұтып алған операторлар өздеріне қолайлы заправкаларға таратып жатыр. Ал басқа бір ауылдар бар. Ол 15-20 км жерде. Ол жаңағы 30 литр гектарына алынған солярканы алу үшін жаңағы жерге бару керек ай сайын. Сондықтан халыққа тиімді болуы үшін әр ауылға жеткізіп берсе…
Дихандардың айтуынша, жеңілдетілген жанар — жағар май шаруаларға тиімсіз айларда таратылады. Кестесі дұрыс түзілмеген. Салдарынан дәл қажет кезде, керек мөлшерде таппай, қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болады екен .
Жолбарыс Сегізбаев, шаруа
— Мәселен, өткен жылдары февраль, март, апрель, май, июль. Бес айға көктемдік солярка қойды. Ал февраль айында бізге ешкімге солярка керек емес. Одан кейін бөлінген солярканың мысалы, 100 тонна солярка бөлінетін болса, соның 30 пайызы февральға қойылады. Марттың ортасына кейін керек диханға. Март, апрель, май айларында — жерді айдайды, обработка жасайды, егеді. Одан кейін июнь, июль айларына апарып қойған. Июль айында суғарып жатады жерді, құртпен күресіп жатады. Не керегі бар. Одан кейін күзгі солярканы июль, август, сентябрь, октябрь айларына қойды. Ал июль мен августте керек емес. Ал бұл ортадағы операторлардың пайдасында қалып жатыр.
Айта кетейік, ҚР Энергетика Министрінің 2022 жылғы 21 тамыздағы 278 бұйрығы бойынша Қазақстандықтар үшін дизель отынының әр литрі 230 теңгеден аспауы тиіс. Бірақ күніне 300 литрден артық құя алмайды.