Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың сөзінше, қазір шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралған, эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
«Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18228 тұрғын үй зерттелді (94%), 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды (81%). Қазіргі уақытта зерттеу қорытындыларына сәйкес 9306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылды. 8190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет», — деді Бозымбаев үкімет отырысында.
Қазіргі уақытта 6176 отбасыға баспананы жөндеуге жалпы сомасы 40 млрд теңге өтемақы төленген. Зардап шеккен аймақтарда 3414 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үй мен пәтер сатып алды немесе өтемақы алды. Тағы 2503 жаңа баспананың құрылысы жүріп жатыр.