Skip to content

Т.СҰЛТАНҒАЗИЕВ «AFD» ФРАНЦУЗ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

     Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т. Сұлтанғазиев «AFD» Француз даму агенттігінің өкілдерімен кездесу өткізд, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар қазақстан-француз ынтымақтастығын және денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар саласындаға перспективаларды талқылады.

«Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасының Үкіметі денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан халықтың денсаулығын нығайтудың өзекті мәселелерін шешу үшін денсаулық сақтау саласындағы біздің елдер арасында бірлескен жұмысты дамытуға қызығушылық танытуда», – деді вице-министр өз сөзінде.

Қазақстанның денсаулық сақтау секторына инвестицияларды тартуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін үлкен әлеуеті бар екені атап өтілді және жобаларды іске асыру үшін жаңа және үлкен мүмкіндіктерге ие.

Бірінші вице-министр француз делегациясын “Ұлт денсаулығы” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық” 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасымен және Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

Жалпы тараптар денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға және оны одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *