Еліміздегі екінші жағдай Ұлытауда тіркелді. Бала екпе жасына жетпеген. Алғашқы жағдай Қарағанды облысында болған, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Қазір Қазақстанда ай сайын 400- ге жуық бала көкжөтел ауруын жұқтырады. Соның 90% вакцина алмаған.
Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елде француздық вакцина қолданылады.