Skip to content

ТАЛАПКЕРЛЕР ҰБТ-ДА ҚАЙ ПӘНДІ КӨП ТАҢДАЙДЫ

        Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді, деп хабарлайды Sanur.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдағаны белгілі болды. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария сынды бағыттарға оқуға түсе алады.

Сонымен қатар алғашқы бестікте «Математика-Физика» – 16,9%, «Математика-Информатика» – 11,7%, «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 9,4% және «Шығармашылық емтихан» – 9,3% бар.

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы «Математика-Физика» – 19,2% болды. Екінші орында «Биология-Химия» – 18,6%, «Шығармашылық емтихан» – 10,2%, «Математика-Информатика» – 10% және «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 8,7%.

ҰБТ-дағы ең танымал комбинацияны «Биология-Химия» деп өзгеру талапкерлер арасында медициналық және ауылшаруашылық мамандықтарының басым таңдауға ие болғандығын көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда ҰБТ-ның барлық кезеңдерінде талапкерлер инженерлік, құрылыс, педагогикалық және басқа да мамандықтарға түсуге мүмкіндік беретін «Математика-Физика» комбинациясын көп таңдады. Осы комбинацияда мамандық таңдау мүмкіндігі де көбірек, сонымен қатар гранттар алу ықтималдығы жоғары. Осыған қарамастан, 2024 жылы талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдауды жөн көрді», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *