Skip to content

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 11 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыхановқа 280 млн теңге пара алды деп айып тағылған болатын. Бүгін  Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жандос Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

Ол мемлекет қаржысын жымқыру фактілерін жасырғаны және бас бухгалтерді жұмыстан босатпағаны үшін және  280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Білім бөлімінің басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *