Skip to content

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТҮРКІСТАНДА ТОЙЛАДЫ

       Түркістандағы Этноауылда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті. Айтулы іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нің басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысып, теміржолшыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Сонымен бірге мейрамға теміржол саласының ардагерлері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ консультативтік кеңесінің мүшелері қатысты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеті дәріптелген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Наурыз көже таратылып, ақ бата беріліп, көпшілік бір-біріне «Ұлыс оң болсын!» десті. Қала тұрғындарына дәмді наурыз көже, палау және бауырсақ таратылды. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін халық қолөнері бойынша шеберлік сыныптары және асық ату, арқан тарту, қол күресі және тағы басқа дәстүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
 
Бір ерекшелігі – Этноауылдағы думанды сәтте Түркістан қаласының өнерпаздарымен бірге теміржолшылар да өнер көрсетіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды. «Бисұлтан» тобы «Тойбастар» биін билесе, өнерпаз теміржолшылар «Ризамын», «Теріскей», «Қазақ елі», «Мен қазақпын» және басқа да әндерді шырқады. Компанияның талантты қызметкерлері қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы музыкалық және театрландырылған тақырыптық қойылымдар дайындады.
 
Теміржолшылар қауымы Түркістандағы оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, туристік орталыққа айналғанын айтты. Бұл мерекелік іс-шараны қала тұрғындары мен қонақтары да тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *