Skip to content
Главная страница » ТЕСТОЛОГИЯДАН ОҚЫТУ КУРСЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 17 ҚАЗАНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

ТЕСТОЛОГИЯДАН ОҚЫТУ КУРСЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 17 ҚАЗАНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

    7 қазанда тестологиядан біліктілігін арттыру курсына қатысушыларды іріктеу үшін компьютерлік тестілеу өтті. Конкурстық іріктеу нәтижелері 17 қазанда Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында жоғары білімді оңтайлы ету мақсатында ҰБТ форматы жетілдірілетін болады. Бұл жобаның маңызды тармақтарының бірі – Қазақстан білім беру ұйымдарынан 350 маманды, оның ішінде сарапшы-тестологтер мен талдаушыларды оқыту.
 
Конкурсқа қатысу үшін 1598 үміткер өтініш беріп, оның 881-і тестология және пәндік білім бойынша тестілеуден өтті. Қатысушылардың көбі, яғни 177 адам – Алматы, 173 – Астана және 93 – Шымкент қалаларынан болды. Мамандықтар бойынша тестілеу тапсырғандардың басым көпшілігі математика пәнінің мұғалімдері – 169 педагог, одан кейін қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – 102, сондай-ақ химия пәнінің мұғалімдері – 86 педагог.
 
Оқыту аясында мамандар тест тапсырмаларын әзірлеу мен талдауды, тестологиядағы озық әдістемелерді меңгеретін болады. Курсқа қатысу кәсіби дағдыларды күшейтіп қана қоймай, ҰБТ және жалпы білім беру жүйесіне инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді. Курс қорытындысы бойынша қатысушылар ҰТО жобаларына қатысуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификат алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған