Skip to content

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

      Мақтаарал ауданында мемлекеттік тілімізге құрметі ерек өзге этностар көп. Соның бірі  16 елді мекеннен тұратын Мақтаарал ауылдық округінде 31ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрады. Олар балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстыратындықтан өз ұрпақтарының  қазақ тілін меңгеруін міндет деп санайды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аудан аумағында  қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Қазақстанды дамытуға қосып жатқан үлестеріде жоқ емес. Мектеп ішілік дәрістерде қазақ тілінде сабақ өтумен шектелмей қосымша жарыстарға қатысып, өлең шумақтар жаттап, қосымша ауызекі әңгімелесудіде үйренеді.

Қазақ ақындарының өлеңдерін тақылдап, мәнерлеп айтып отырған бұл балалар мемлекеттік тілге, қазақтың әдебиеті мен бай мәдениетіне деген зор ықыласын танытты. Айта кетейік өзге этностық оқушылар арасында спортты дамытуға қосып жатқан үлестеріде орасан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *