Skip to content

ТОҚАЕВ МЕКТЕПТЕГІ ХИДЖАБ МӘСЕЛЕСІНЕ НҮКТЕ ҚОЙДЫ

    Ұстаздар күніне орай өткізіліп жатқан республикалық педагогтер съезінде ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол еліміздегі Конституцияға бағынуды сұрады.

Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек”, – деді президент.

Ол зайырлы деген сөздің мазмұнына үңілді.

Бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз”, – деді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *