Қордай ауданында жаңбыр толассыз жауып, соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Бетқайнар ауылдық округінде 700-ге жуық ұсақ мал, 10 бас жылқыны селмен бірге ағып кеткен. Алайда әкімдік мал өлекселері табылмады деп отыр.
Қызыл су Соғанды-Бетқайнар автожолының көпірін бұзып өткен. Әкімдік мәліметінше, үйлерге су кірмеген. Алайда жойқын желден Соғанды ауылында жарық жоқ. Беріктас елдімекенінде 200-ден астам үй мен 2 әлеуметтік нысан көгілдір отынсыз отыр.