Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешіті көптеген игі істердің ұйтқысы болып отыр. Осындай жақсылықтың бірі мешіттің бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасымен Қасиетті Рамазан айында 150 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көмекке мұқтаж болған жандардың қайырымдылық шарасына «Куаныш Ешенқұл» жеке қоры демеушілік жасап, 150 отбасына азық-түлік берді. Мешітке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, аудан аумағындағы мешіттерде еңбек ететін азаматтар «Рамазан қоржынына» ие болды.