Төлеби ауданы, Ленгір қаласында заман талабына сай келетін «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 2,6 млрд. теңге. Жалпы аумағы 40 га жерге биыл 900 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аудан басшысы Төлеген Телғараев аталған құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын қадағалады. Кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді. Кешенді жаңа технологиялық нысанның құрылысы екі жыл қатарынан жүргізіліп, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда 3.8 шақырым траншея қазылып, диаметрі 2800 құбыр тартылып, көмілді.
Сондай-ақ өңделген суды егістік алқабына жеткізу үшін 2,45 траншея қазылып, жаңа лотоктар орнатылуда. Сондай-ақ кәріздік тазарту қондырғысы орнатылған жер бедері тегістеліп, биопруд орналасқан аумақ дайындалып, бетондау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса, жер телімі бетонды плиткалармен қоршалып, нысан басында 6 арнайы техника мен 7 жұмысшы қызмет етуде.