Skip to content

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

      Ұстазым, бар жақсылық  бір өзіңнен тараған. Қаладағы Алпамыс батыр атындағы  жалпы білім беретін мктептің бітіруші түлктері ұстаздарына арнап осындай мерекелік концерт ұйымдастырды. 5- қыркүйек Ұстаздар күніне орайластырылыған шараға жерлесіміз, эстрада жұлдызы Асан Пердеш арнайы қонақ болып келіп, әннен шашу шашты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бер демекші, ұстаз қай заманда да ең үлы құрмет иесі. Алпамыс жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері де осыны санасына мықтап құйғандай. Бүгінгі  әсем безендіру, ұстаздар  үшін төселген  қызыл – сары  кілем сөзімізге айғақ айдай. 11 сыныптың оқушылары ағай – апайларын құрметпен ортаға шақырып,  орындарына ізетпен отырғызды. Кешті ауданға танымал асабалар жүргізді. Алдымен ардагер ұстаздарға сөз беріп, ақ тілек батасын алды. Сонан  соң мектеп түлектері  өздерінің  риясыз сезімдерін  білдіріп, сынып жетекшілерін алғыс хатпен марапаттады.  Гұл шоқтарын ұсынып, ыстық ықылас, ізгі ілтипат танытты.  Әліппені үйретіп, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан мұғалімдерге деген құрметіміз еш уақытта жойылмақ емес дейді.

НҰРҚАДІР ОРАЗОВ ; БІТІРУШІ ТҮЛЕК

– Ұстаздарды жылда құрметтеп, аялап жүреміз. Әліппені, жазуды үйретіп, қаншама ақ шаш түсіріп өздеріне еңбектенген ұстаздарымызға неге құрмет көрсетпеске. Мектеп бітірген соң да ұстаздарға құрметіміз бөлек болады. Еркелігіңізді көтеріп, қатемізді кешірген ұстаздарға мың алғыс айтамыз. Ұстаздар күнімен құттықтаймыз.

  Иә, түлектер ұстаздарына мерекелік көңіл – күй сыйлау, жылы естелік қалдыру үшін барын салған екен. Сонау Алматыдан эстрада жұлдызы , жерлес әнші -композитор Асан Пердешовты арнайы шақыртыпты.  Халықтың сүйікті әншісі  мектеп ұжымына  арнап әннен шашу шашып, кеш көрігін одан сайын қыздырды. 

Биылғы оқу жылында Алпамыс батыр жалпы білім беретін орта мектепте 1045 оқушы білім алып жатыр.  73 бітіруші түлек  үлкен  өмірге қанат қағуға әрі ҰБТ – ге әзірленіп жүр.  Білім ошағы өткен оқу жылын жақсы нәтижемен қорытты.  Бұл жолы да жоғары жетістіктерге жететініне сенім мол.

МАРАТ АМИТОВ; “АЛПАМЫС БАТЫР”  АТЫНДАҒЫ ЖББМ  ДИРЕКТОРЫ

– Өткен жылы мектепті 66 оқушы бітіріп , оның 36 мемлекеттік гарнт иегерің атанды. Биылғы түлектерден де зор үміт күтіп отырмыз. Алтауы алтын белгіге, үшеуі үздік аттестаттақа үміткер. Бүгінгі шараны ұйымдастырған мектеп түлектері мен олардың ата – аналарына алғыс айтамыз.

Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет. Ал дүниеде мамандық атаулының  төресі – ұстаздық. Бүгінгі шәкірттердің  ұстаздарына деген құрметі өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *