Мамандар қазан айынан бастап тұмау ауруы өршиді деген болжам жасап отыр. Ал көп адамдар тұмауға бей – жай қарап, қатты көңіл де бөлмейді. Созылмалы аурулардың басым бөлігі – дәл осы жедел респираторлы вирустық инфекциядан басталатынын білмейді. Сондықтан бұл ауруға немқұрайлы қарауға болмайды дейді дәрігерлер, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Әдетте, жай ғана түшкіруден басталып, соңы ауыр қабынуға әкелетін тұмау ауруына деген халықтың көзқарасы тым жеңіл. Бір – екі рет жақсылап терлеп, жазылып кетемін деп ойлайды. Әсте, бұл қате түсінік. Тұмау – көптеген аурудың бастамасы болуы мүмкін. Ал қазан айында тұмау вирусы тіптен өршиді деген болжам бар. Сондықтан қазірден иммунитетті көтеріп, эпид кезеңге сақадай сай тұру керек. Құрамы С дәріуменіне бай жеміс – жидекті мейлінше көп тұтынып, соғырлұм көбірек сұйықтық ішу керек дейді дәрігерлер.
ҚАЛБИКЕ БАЙЗАҚОВА; ИНФЕКЦИОНИСТ – ДӘРІГЕР
– Бізде қазақ халқы тұмауға немқұрайлы қарайды. Барлық қабыну процесі тұмаудан басталады. Пиелонефрит, бронхит, пневмания, бронхиалды астма. Осының бәрі жай ғана тұмаудан басталады. Неге?Біріншіден, немқұрайлы қарайды. Екіншіден, ем – домды дұрыс жүргізбейді.
Тұмау вирусы жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар, созылмалы дерті бар науқастар және егде жастағылар үшін тым қауіпті болып келеді. Тұмауға қарсы екпенің де дәл осы санаттағы жандарға бірінші болып егілетіні сондықтан.
ҚАЛБИКЕ БАЙЗАҚОВА; ИНФЕКЦИОНИСТ – ДӘРІГЕР
– Ең бірінші егілетін топтар. –
- Жүкті әйелдер
- Кішкентай балалар
- Қарт адамдар
- диспансерлік есепте тұратын созылмалы ауруылар бар науқастар
- Медицина қызметкерлері
Тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары қазан айынан басталады.
Егер тамағыңыз ауырсынып, бүкіл денеңіз қалтырап, тұмау ауруының басталғанын байқасаңыз дереу дәрігер кеңесіне жүгініңіз. Жай тұмау ғой деп жүргенде жазылуы қиын дертке ұласып жүрмесін