Түркістан қалалық орталық ауруханасына «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылған ота залының ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов қатысты.
-Бүгін Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға заманауи жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды. Одан бөлек, Сайрам және Сарыағаш аудандық ауруханаларына да қойылған болатын. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Мұның бәрі халық үшін жасалып жатқан жұмыстар. Денсаулық сақтау министрлігі және облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Сол кісілердің арқасында осындай құрал-жабдықтар медициналық мекемелерге қойылып жатыр. Бұл жүйе – жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Марат Пашимов.
Сондай-ақ басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы ауруханадағы ангиохирургия бөлімшесін аралады. Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жетекші хирург – интервент маманы Б.Усмановтың қатысуымен өтетін мастер – классқа жоспарланған науқастардың жағдайымен танысып, тілдесті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да халық үшін игі жұмыстар жасалып, денсаулық саласындағы жұмыстар жалғаса бермек.