Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

       Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жеке қабылдау өткізді. Азаматтардың талап-тiлектерiн тыңдап, кез-келген мәселе заң аясында шешілетінін түсіндірді. Себебі қабылдауға келген 12 мәселенің басым көпшілігі – жер дауы. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Өзекті мәселелермен қатар, Маңғыстау облысынан келген кәсіпкер қызыл балық, тері, жем өндіруге бағытталған жобасын таныстырды. Ермек Кенжеханұлы жаңа жобаларды әрдайым қолдайтынын жеткізіп, тиісті басқармаға бағыт-бағдар беруді, тиісінше көмектесуді тапсырды.
 
Сонымен қатар Түркістандық тұрғын үйірлі шегірткемен жұмыс жөнінде өз жобасын таныстырып, Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын пилоттық жоба ретінде кешенді түрде өткізудің талаптарын өзгертуді ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары аталмыш мәселе бойынша тиісті басқармамен бірлесе жұмыс істеуге шақырып, алдағы науқанда шегірткемен күрес қарқынын тоқтатпауды тапсырды.
 
«Қоғамдық қабылдауда айтылған түйткілдерді зерделеп, шешілуіне барынша атсалысамын. Дегенмен жер мәселесі бойынша келген әрбір өтініш арнайы құрылған комиссия немесе сот шешімімен заң аясында қаралады» деді облыс әкімінің орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *