Түркістан облысында мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру бағытында нақты шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Сауран ауданында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосу жобасын жүзеге асыру жалғасуда.
Қуаттылығы жылына 4 мың тонна ет өндіретін инвестициялық жобаның құны 3,5 млрд.
«Әл-Береке» ауылшаруашылық кооперативі 6 жәшік салуда, мал сою пункті, мұздатқыш, тұшпара цехы және құрал-жабдықтар алынды.
Қазіргі таңда 1000 бас ірі қара бордақылауға жіберілген. Жоба екі айдың ішінде толық іске қосылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1000 ірі қараға арналған өндірістік қуаттылығы бар 22 бордақылау алаңы бар. Бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 46,5 мың ірі қара малды құрайды.