Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ 10 КҮН БОЙЫ АТАЛЫП ӨТЕДІ

    Түркістан облысында Алғыс айту күні 10 күн бойы аталып өтеді. Бұл туралы облыстық Қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Тимур Оралбеков мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Түркістан облысында 1 наурыз – Алғыс айту күнінің мән-маңызын арттыру бағытында игі шаралар қолға алынып жатыр. Ауқымды шаралар 20 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

    «Алғыс айту күні – бұл отандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Аталған мереке елімізде 2016 жылдан бері мерекеленіп келеді. Басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге саяды. Сонымен қатар мереке елімізде этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға негізделген. Алғыс айту күні аясындағы іске асырылатын барлық іс-шаралар ұлттық бірлік пен барша отандастарымыздың бір-біріне деген достығы мен мейірімділігін көрсетуге ықпал етеді», — деді Тимур Құрбанұлы.

  Брифингіде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов биылғы Алғыс айту күні мерекесі жылдағыдан өзгеше форматта өтетіндігін атап өтті.

   «Облыста 21-25 ақпан аралығында»Қайырылымдық керуені«акциясы аясында және 22 ақпанда этнос жастары арасында сурет салудан байқау өткізілмек.

   Ал 23 ақпан күні этнос өкілдерінің қазақ руханиятындағы ұлы тұлғалардың туындыларын мемлекеттік тілде орындаудан байқау ұйымдастырылады.

  Бұдан бөлек, 24 ақпанда «Қамқорлық» акциясы аясында жалғызбасты зейнеткерлерге үй шаруасына көмектесу, 25-26 ақпан аралығында этнос өкілдерінің қатысуымен тазалық, абаттандыру, көшеттер отырғызу жұмыстары жоспарланған.

  28 ақпан мен 1 наурыз аралығында этнос өкілдері бірқатар қоғамдық орындарда мерекелік сыйлықтар тарату акциясына қатысады», — деді Ерназар Баетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *