Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

       Бүгін Түркістан облысында алғаш рет пилоттық жобамен Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандарында әкім сайлауы өтуде. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Аудандардағы сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны шырқалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсендігі жоғары. Учаскелер алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етуде. Аудандардағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.
 
Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 28 807 сайлаушы болса, 50 сайлау учаскесі, Мақтаарал ауданында 70 648 сайлаушы, 63 сайлау учаскесі бар. Ал Созақ ауданында 35 715 саулаушы, 39 сайлау учаскесі, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы, 33 сайлау учаскесі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *