Бүгін Шардара ауданының жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Сырдария өзеніне батып бра жатқан ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Бейбіт күннің батырлары Шамсон Рамил, Қылышбай Сүндетбек Абайұлы және Мауленова Түймегүл Аллабердиевна Сырдария өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 40 метр қашықтықта батып бара жатқан 1987 жылы туған азаматты құтқарып, судан шығарды.
Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.