Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫННДА ЖОҒАЛҒАН ЕКІ АЗАМАТТЫҢ БІРІНІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

       7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен, деп хабарлайды Sanur.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындады.

Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *