Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

          Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Сауран аудандарының әкімдері, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары және бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы іссапарын Қытай Халық Республикасына жалғастырды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.
 
Іссапар аясында Чжэнчжоу және Иу қалаларындағы жаңа өндірістік технологиялармен, шағын және орта бизнеске арналған жабдықтармен танысу көзделген болатын.
 
Алғашқы күндері 3-5 желтоқсан аралығында Қытай Халық Республикасы Хэнан провинциясы Чженчжоу қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесу өтті.
 
Облыс делегациясына Чжэнчжоу қаласының аббатандыруға арналған «Shuangqiao Flower» компаниясының өсімдіктерді, гүлдерді және декоративті ағаштарды өсіру және сату тұқымбағы таныстырылды. Аталған тұқымбаққа 3000-нан астам гүлдің тұқымдары мен түрлері және 1000-нан астам декортативті ағаш түрлері әзірленіп, импортқа шығарылады.
 
Бұдан бөлек, Чжэнчжоу қаласының «Chuitian Technology» компаниясының Smart City жобасымен таныстыру өткізілді. Аталған компания қала қауіпсіздігіне арналған және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін жабдықтарды өндірумен айналысады. Оның ішінде, көшелерге арналған шамдар, бағдаршам бағаналары, бақылау камералары және арнайы қауіпсіздік жүйелерін жасақтайды. Сондай-ақ Smart City жобасы орталықтандырылған ақпараттық жүйемен жабдықталған. Осы жүйе арқылы қала аумағындағы өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар, өзендердің тасуы, көше қиылысындағы кептелістер, мектептердің ауласындағы қауіпсіздік және тағы басқа ақпараттарды орталықтандыру және бақылау жұмысы жүргізіледі.
 
Іссапар барысында Чжэнчжоу қаласындағы балық өсірумен айналысатын шаруашылық Сауран ауданындағы кәсіпкермен бірлескен жобаны іске асыру бойынша өзара уағдалыстыққа қол жеткізді. Сондай-ақ құрама жем өндіру, отқа төзімді қыш шығару, құрылысқа қажетті гидроизоляция және кафель желімдерін және жиhaз өндіру зауыттарының таныстырылымы өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *