Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен қатар кәсіпкерлерден құралған Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Линьцин қаласына іссапармен барды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Мақсат – облысқа инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу.
 
Делегация алғашқы күні Қытай Халық Республикасының Шандонг провинциясының Линьцин қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен кездесті. Жиналыста Линьцин қаласының басшылығы қаланың тарихын, бизнес климатын, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қайта өңдеу салаларында жеткен жетістіктерімен таныстырды.
 
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары С.Көшкінбай Түркістан облысы делегация құрамын таныстырып, облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша әзірленген арнайы видеоматериалды көрсетті. Сонымен қатар облысқа инвестиция салудың тиімділігі бойынша арнайы презентация жасалды.
Түркістандық делегацияның іссапары Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасады. Келіссөздер жүргізіліп, келісімдер жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *