Skip to content

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

    Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай қарт аналар Саракүл Көшербаева мен Шынар Батановалардың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz хабарлайды. 
 
Аудан басшысы алдыңғы буын ардагерлердің елімізді, ауданымызды дамыту жолындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, бүгінгі жас ұрпаққа олардың өмір жолы өнегеге толы екенін жеткізді.
 
Біз «Қартын сыйлаған елде қасиет бар» деген аталы сөзге бас иген дана халықтың ұрпағы ретінде ардагерлерімізді ардақтап, сый-құрмет көрсетуді перзенттік парыз санаймыз. Абыз ақсақалдыққа, қадірлі қариялыққа жету — өмір мектебінен өткен әрбір адамның мерейлі кезеңі. Сіздер қай уақытта болмасын орамды ойларыңызбен елді берекелі бірлікке, тату тірлікке үндеп келесіздер. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, аянбай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс айтамын, — деп ізгі тілегін жеткізіп, сый-сыйапатын тапсырды.
 
Шәуілдір аулының тұрғындары Шынар Батанова бүгінде 95 жасқа толса, Саракүл Көшерова анамыз 85 жасқа толып ұлын ұяға қызын қияға қондырып отыр. Балалық шағы ел тарихындағы қиын кезеңдермен тұспа-тұс келген ардақты жандар жастайынан еңбекке араласып, тағдырдың тартқызған тауқыметіне төзіп, шыдай білді. Қандай жағдай болмасын болашақтан үмітін үзбей, ертеңге деген сеніммен ұрпағына саналы тәрбие бере білді. Аяулы аналарымыз бүгінде өсірген ұл-қызыдарынан немере сүйіп, шөберелерінің қызығын көріп отыр.
 
Өз кезегінде қарт аналарымыз мереке қарсаңына құрмет көрсетіп, шаңырағына арнайы құттықтап келген аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, елдің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын тілеп ақ баталарын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *