Skip to content

ТҮРКІСТАН-САМАРҚАН БАҒЫТЫНДА АЛҒАШҚЫ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

        Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды. Ұлыстың Ұлы күні Түркістаннан бағыт алған ұшақ “Қазақэйр” әуекомпаниясына тиесілі. 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан Самарқан әкімінің орынбасары, жергілікті билік өкілдері ерекше салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *