Созақ ауданында ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті. Аудан орталығындағы «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында өткен спорттық сайысқа 70 жасқа дейінгі және 70 жастан асқан қариялар екі топқа бөлініп өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне арналған турнирді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, қарияларға ізгі тілегін арнады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жарыстың шарттарымен таныстырып, қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Аталған спорт сайысында ардагерлер турнир басталған сәттен дәлдік пен ептіліктерін көрсетіп, жақсы ойын өрнегімен жарыс көрігін қыздыра түсті. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.