Skip to content

ТҮРКІСТАНДА МОЛЕКУЛЯРЛЫ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

      Бүгін Түркістанда Молекулярлы медицина орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Түркістан қаласында Молекулярлы медицина орталығының ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала денсаулығын қорғау аса маңызды. Осы тұрғыдан облыс әкімдігі және денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтыр облыста 54498 сәби дүние есігін ашқан. Біз молекулярлық зерттеулер саласында сапалы қызметтерді ұсыну мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Өйткені біз үшін өңірдің демографиялық өсімі аса маңызды. Бұл филиал қызметкерлердің жұмысына серпін беріп, емделушілердің денсаулығы жақсара берсін! – деген облыс әкімінің орынбасары қатысушылармен бірге балалар мен жүкті әйелдерге кеңес беру кабинеттерін аралап көрді. Жиын барысында орталық құрылтайшысы бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
 
Бұл орталық Түркістандағы №3 перинаталдық орталығына құрамында Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Отырар, Сауран аудандарының жүкті әйелдері мен жаңа туған нәрестелеріне қызмет көрсетпек. Мақсат – ана мен бала денсаулығын жақсартып, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Қазіргі таңда бұл өңірде 4213 әйел жүктілікпен тіркеуде тұр, жылына 15 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Орталық пациенттерге медициналық-генетикалық кеңес беру, жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурияға және туа біткен гипотериозға неонаталдық скрининг жүргізу, орфандық ауруларды диагностикалау қызметін көрсетеді. Сонымен бірге жүктіліктің бірінші триместріндегі пренатальды биохимиялық скринингті қоса алғанда медициналық генетика саласындағы қызметтердің кең спектрін жүргізеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *