Skip to content

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

     Түркістан облыстық білім басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
2022 жылы бастау алған «Ұстаз барысы» сайысы биыл екінші рет өтіп жатыр. Жарысқа 7 салмақ бойынша іріктелген 17 аудан-қаланың жеңімпаздары қатысты. Жарысқа келгендердің арасынан ең үздігіне «Ұстаз барысы» атағы берілді.
 
Педогогтар арасында өткен бәсекеде 60 келі салмақ бойынша сарыағаштық Жаңабай Қошқаров алтыннан алқа тақса, 66 келі салмақ дәрежесінде ордабасылық Асқар Арыстанбек жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, 74 келі салмақта Созақ ауданының абыройын арқалаған Зубайра Дінмұхамед бірінші орынға жайғасса, 82 келі салмақ бойынша Кентау қаласының өкілі Мұқағали Болысбек алтыннан алқа тақты. 90 келі салмақта мақтааралдық ұстаз Заир Заиров жеңімпаз атанса, 100 келі салмақта отырарлық Айбатыр Құрманов көш бастады. 100 келіден астам салмақ бойынша сынға түскендердің көшін ордабасылық Асқар Төреқұлов түйе балуан атанды. Жарыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *