Skip to content

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ 1310 НӨМІРІНЕ 7188 ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН

       Түркістан қаласында тұрғындардан келген өтініштерді орындау мақсатында іске қосылған 1310 бірыңғай байланыс орталығы жүйелі жұмыс істеуде. Байланыс орталығы қызметінің негізгі бағыттары – тұрғындардың өтінішін қабылдау, мәселелерін шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, өтініштерді өңдеу. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау кезінде өтініш берушіге қатысты барлық ақпаратты арнайы жүйеге енгізеді.
 
Операторлардың қызметі күндізгі және түнгі ауысыммен жүреді. Сондай-ақ мамандар арнайы курстан өтеді. Қазіргі уақытта орталықта 10 оператор тұрақты түрде жұмыс атқаруда.
 
Бұдан бөлек, 1310 бірыңғай байланыс орталығы халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін кемшіліктерді жоюға үлесін қосуда. Мамандар тұрғындардың өтініштерін 1310 қысқа нөмірі арқылы және Instagram (@turkistan1310), Telegram (Turkistan 1310), WhatsApp (87073331310), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы қабылдайды.
 
Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек жыл басталғалы орталыққа 7188 өтінім түскен. Оның 7047 өтінімі уақытылы орындалып, тиісті жұмыс атқарылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *